Текст
Преображенка бастауыш мектебінің 1-сынып оқушыларының арасында "Ана - өмірдің шуағы!" атты тәрбие сағаты өтті. Сынып оқушылары зор қуанышпен мерекеге атсалысты. Аналарына жасаған қолөнерлері мен құттықтау хаттарын табыс етіп, жаттаған тақпақтарын бейнежазба арқылы айтып берді. Аналар мерекесі туралы ақпарат алып оның маңызды мереке екеніне көз жеткізді. Тәрбие сағатында түрлі сұрақ-жауаптар айтылып, ойындар ойнатылды. Ана туралы әндер айтылып, бейнефильмдер көрсетілді.