Целиноград ауданының білім бөлімі "Преображенка ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жеңіс күні!

11.05.2021

9-мамыр - ЖЕҢІС КҮНІНЕ орай мектепте іс-шара өткізілді. Мектеп оқушылары  Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарынан үзінділер көріп, ата-бабаларымыздың төккен қандары мен кейінгі ұрпақтарға бақытты өмір сыйлауы үшін кеуделерін оққа тірегені туралы сөз қозғалды. Өткенді білмей келешекке қадам басу мүмкін емес. Сондықтан  батыр аталарымыздың, апаларымыздың ерліктерін кейінгі ұрпақ ұмытпау керектігін сезіне білді. Әр оқушы өздерінің дайындаған тақпақтары мен ән-шашуларын айтып, ерлікпен қаза тапқан батырларымыздың құрметіне бір сәт үнсіз тұрып, тағзым етті. Бұл жеңістің қандай күшпен келгенін біліп, болашағымыздың бұлыңғыр болмай, бақытты өмір сүретінімізге зор үмітпен қарау керектігі әр адамның тілегі екені түсіндірілді.

Просмотров: 10472


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст