Текст
21.12.2020
Преображенка бастауыш мектебінде 15- желтоқсан күні 1-сынып бойынша "Тәуелсіздік - Тұғырым!" атты тәрбие сағаты өтті. Бұл тәрбие сағатының мақсаты оқушыларды Отанын сүюге, рәміздерін құрметтеуге және Тәуелсіздіктің қандай жолмен келгенін дәріптеу болатын. Сабақта оқушылар туған жердің ыстық болатынын, Тәуелсіз деген сөздің мағынасын терең ұғына білді. Отанға деген патриоттық сезім дегеннің не екенін түсінді. Рәміздерге деген сүйіспеншіліктері оянды.